Қазақстан құрамасы Испаниямен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасы Испаниямен жолдастық кездесу өткізеді
Фото: cdn2.vox-cdn.com

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Испания 2016 жылы жолдастық кездесу өткізеді, - деп хабарлайды Қазақстаннның футбол Федерациясы ҚФФ бас менеджері Асқар Уранхаевқа сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Уранхаевтың айтуынша, Қазақстан құрамасының Испаниямен келесі жылы кездесетіні туралы негізгі келісім бар. Ол Қазақстан мұндай деңгейде кездесу өткізбегенін айтты. Матчтың болатын күні әзірше белгісіз.

"Бір ерекшелігі, біз Испаниямен кездесу өткізу үшін ақша төлемейміз. Мұндай деңгейдегі қарсыласпен ойын 3 миллион еуродан кем түспейтіні жасырын емес", - деді ол. 

Е. Жұмабайұлы