Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / «Қайрат» бразилиялық қорғаушымен толықты

«Қайрат» бразилиялық қорғаушымен толықты

«Қайрат» бразилиялық қорғаушымен толықты

Футболдан Алматының «Қайрат» футбол клубы Еуропа лигасы алдында бразилиялық қорғаушымен толықты. Бруно Габриэль Соарестің ауысып келгенін клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

27 жастағы футболшы спорттық мансабын «Коритиба» клубында бастаған. 2008 жылы «Парана» клубы сапына ауысқан. Араға бір жыл сала бразилиялық қорғаушы Германияның «Дуйсбург» клубына ауысады. 2011 жылы клубпен Германия кубогының финалына дейін жетіп, күміс жүлдегер атанған. «Дуйсбург» сапында үш маусым өнер көрсеткен ойыншы кейіннен екінші бір неміс ұжымы «Фортуна» сапына ауысады. Дюссельдорфтық клубтың қатарында қорғаушы 20-дан астам ресми кездесулерге қатысқан.

«Қайрат» пен клуб басшылығы үшжылдық келісімшартқа қол қойған. Бруно Габриэль Соарес клубта 4-ші нөмірмен өнер көрсететін болады. Жаңа ойыншы ел премьер-лигасындағы ең қымбат футболшылардың ондығына еніп отыр. Немістің «Transfermarkt.de» сайтының ақпараты бойынша, Бруно Габриэль Соарес 900 мың евроға бағаланып отыр.

Айта кетейік, кеше Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа лигасының жеребесі тартылып, «Қайратқа» Сербияның «Црвена Звезда» клубы қарсылас атанған болатын. 

Фото: fckairat.kz
Қосылған күні: 23 маусым 2015, 13:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.