Федерер Сампрастың рекордын қайта жазғызды

Федерер Сампрастың рекордын қайта жазғызды

Швейцариялық Роджер Федерер АТР рейтінгісінде бірінші орында тұрақтап қалу жағынан ресми түрде рекордсмен атанды.

Оның бүгінгі таңдағы көш басына келіп тұрақтауы 287 күнді қамтиды. Және жаңа рекорд болып табылады. Бұдан бұрынғы жетістік американдық Пит Сампраста (286 күн) болатын. Ал рекордсмендер арасындағы үздік үштікті Энди Маррейдің бапкері Иван Лендл (270күн) қорытындылап тұр. 

Ең бірінші рет Роджер 2004 жылы ақпан айында әлемнің ең үздік теннисшісі атанған болатын. Одан кейін 2008 жылға дейін мәре басында бірінші болып келіп еді. 

АТР рейтінгісіндегі екінші орын Новак Джоковичтің еншісінде. Ал үшінші орын испандық Рафаэль Надальда. Өткен аптадан бері үздік ондықтың арасында ана-мынау айтқандай айырмашылық жоқ. 

52 күннің қорытындысы бойынша АТР рейтінгісі. 16 шілдедегі нұсқа:

1 (1). Роджер Федерер (Швейцария) - 11075 ұпай,

2 (2). Новак Джокович (Сербия) - 11000,

3 (3). Рафаэль Надаль (Испания) - 8905,

4 (4). Энди Маррей (Ұлы Британия) - 7460,

5 (5). Давид Феррер (Испания) - 5455,

6 (6). Жо-Уилфрид Тсонга (Франция) - 5230,

7 (7). Томаш Бердых (Чехия) - 4515,

8 (8). Янко Типсаревич (Сербия) - 3320,

9 (9). Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) - 3180,

10 (10). Николас Альмагро (Испания) - 2665,...

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига