«Реал» мен «Барса» қызыққан ойыншы жол апатына ұшырады

О Сансызбай Корреспондент
«Реал» мен «Барса» қызыққан ойыншы жол апатына ұшырады
Фото ©️ vk.com, ntb.ru

Футболдан Чили ұлттық құрамасы мен туриндік «Ювентустың» жартылай қорғаушысы Артуро Видаль жол апатына ұшырады. Ел астанасы Сантьягодан (Чили) 40 шақырым қашықтықта орын оқыс оқиғадан кейін футболшының әйелі аурухана төсегіне таңылса, жартылай қорғаушы аса ауыр жарақат алмаған.

БӨЛІСУ

29 жастағы футболшы «Феррари» автокөлігімен келе жатып, екі көлікпен соғысқан. Испан басылымы «Marca» таратқан ақпарат бойынша, көлікте футболшының жары да болған. Әзірге жол апатының себептерін полиция қызметкерлері анықтауда. Казинодан қайтқан футболшы мас күйінде көлік басқарғанға ұқсайды. Дәрігерлердің айтуынша, Артуро Видаль көліктегі қорғаныс мүмкіндіктері арқасында ауыр жарақаттан аман қалған.

Айта кетейік, Артуро Видаль қазір ұлттық құрамасымен Америка кубогы жарысына қатысуда. Екі ойыннан 3 гол соққан футболшы үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр. Ал осыған дейін батыстық басылымдар бұл ойыншыға мадридтік «Реал» мен каталондық «Барселона» қызығушылық танытып отырғанын хабарлаған болатын.