Қазақстандық өнер жұлдыздары нидерландтық әріптестерін жеңді (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық өнер жұлдыздары нидерландтық әріптестерін жеңді (видео)
Фото ©️ art-football.ru

Өнер жұлдыздары арасында Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстаннан барған «Алатау» футбол командасы Нидерланд елінен келген әріптестерін ұтты. Отандастарымыз қарсыластарының қақпасына жауапсыз екі доп тоғытты.

БӨЛІСУ

Еліміздің намысын қорғап жатқан «Алатау» командасы топтық кезеңді Германиядан кейін екінші орынмен аяқтаған еді. 1-4 орындар арасындағы командалардың жүлделі орындарға таласуы «All Stars» деп аталса, 5-8 орындарға таласатын командалар «Super Stars» кезеңінде бақ сынайды. Бұл кезеңнің жартылай финалында қазақстандық өнер жұлдыздары Нидерланд командасын жеңіп, финалға шығып отыр. 5-ші орын үшін Словения және Беларусь құрамаларының жеңімпазымен кездесетін болады.

Айта кетейік, қазақстандық өнер жұлдыздары өткен жылы да бұл додаға қатысқан болатын. Әлем чемпионаты немесе «Арт-футбол» деп аталатын жарыс – әлемдік деңгейдегі қайырымдылық акциясы негізінде ұйымдастырылып келеді. Әншілер доп теуіп қана қоймай, бос кездерінде түрлі концерттік іс-шаралар да ұйымдастырады. Одан түскен қаражат науқас балаларды емдеуге жұмсалады.