«Ақтөбе» - «Астана» ойынындағы даулы сәт өз шешімін тапты

«Ақтөбе» - «Астана» ойынындағы даулы сәт өз шешімін тапты

Футболдан ел премьер-лигасының XV турындағы «Ақтөбе» мен «Астана» кездесуінде қонақтар шабуылшысы Фокси Кетевоаманың соққан голы төрешілер тарапынан есепке алынбай, соңы дауға ұласқан еді. Бүгін Төрелік ету және қадағалау департаментінің жетекшісі Маттео Трефолони Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне өз пікірін білдірді.

- Әдетте біз пікір білдірмейміз, бірақ ойын жағдайының қиындығына байланысты бұл сәтті қайта мұқият қарап шықтық, және қоғам үшін әдістемелік түсіндірмені ұсынамыз, – дейді Төрелік ету және қадағалау департаментінің жетекшісі Маттео Трефолони. «Ақтөбе» қақпасына гол соғылған сәтте төрешінің голды есептеу жөнінде қабылдаған шешімі толықтай дұрыс. Мәселе «Астана» клубының №10 ойыншысы (Фокси Кетевоама - автор) офсайдта қалуы жөнінде емес, белсенді әрекетімен қақпашыға кедергі келтірген №22 ойыншының ойыннан тыс қалуында болып отыр. Ол бұл әрекеті арқылы ойын жағдайына ықпал етті. Кездесу төрешісі ойын ережесі бойынша толықтай дұрыс шешім қабылдады. Ережеге сәйкес, егер шабуылшы ойыннан тыс жағдайда қақпашының көру мүмкіндігін жапса, онда ол жазалануы тиіс. Яғни, ол қарсыластың допқа ойнау мүмкіндігіне кедергі келтірді - деді.

Айта кетейік, Ақтөбеде өткен ойында командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан болатын. ХV турдың қорытындысы бойынша Владимир Газзаев командасы бірінші орында болса, екінші орынға 29 ұпаймен «Атырау» командасы көтерілді. Үштікті 28 ұпаймен шымкенттік «Ордабасы» қорытындылап тұр. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы