Роман Жайлауов қарсыласын бірінші раундта сұлатты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Роман Жайлауов қарсыласын бірінші раундта сұлатты (видео)
Фото ©️ sport.gov.kz

Кәсіпқой бокста ел абыройын асқақтатып жүрген отандастарымыздың бірі Роман Жайлауов кезекті кездесуін жеңіспен аяқтады. Қазақстандық былғары қолғап шебері ОАР елінде жергілікті боксшыны бірінші раундта ұрып құлатты.

БӨЛІСУ

Оңтүстік Африка Республикасының ірі қалаларының бірі Йоханнесбургте өткен жекпе-жекте Роман Жайлауов қарсыласы Луянда Джаконы жеңді. Қазақстандық боксшының ауыр соққылары қарсыласын алғашқы минуттардан-ақ есеңгіретіп тастады. Нәтижесінде 8 раундқа жоспарланған рейтингтік жекпе-жек 2 минут 34 секундта-ақ аяқталды.

Айта кетейік, бүгін Роман Жайлауов спорттық мансабындағы 15-ші жекпе-жегін өткізді. Оның 9-ын нокаутпен аяқтаған.