Лука Модрич - Хорватияның ең үздік футболшысы

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Лука Модрич - Хорватияның ең үздік футболшысы
Фото ©️ sports.ru

"Реал" командасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич биылғы маусым қорытындысы бойынша Хорватияның ең үздік футболшысы атанды.

БӨЛІСУ

Футболшы дауыс беру нәтижесі бойынша "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Иван Ракитичті басып озып, бірінші орынға ие болды. Модрич өткен маусымда жарақатына байланысты біраз уақыт алаңнан сырт қалған еді. Алайда соған қарамастан Испания біріншілігінің 16 кездесуіне, Чемпиондар лигасының да 16 ойынына қатыса алған екен. Ал Ракитич болса ел біріншілігінде 32 ойын өткізіп, Чемпиондар лигасында 11 рет алаңға шыққан.

Естеріңізге сала кетсек, Модрич "Реал" сапында үшінші маусымын өткізіп жатыр. Ол бұған дейін загребтік "Динамо" және лондондық "Тоттэнхем" командаларында өнер көрсеткен.