"Барселона" ойыншылары Берлинде жаңа жейдемен ойнамақ

"Барселона" ойыншылары Берлинде жаңа жейдемен ойнамақ
Фото: http://www.fcbarcelona.cat

Чемпиондар лигасының финалы жақындаған сайын  жаңалықтар да көбейе түсті. Берлинде болатын ойынға каталондықтардың үздік ойыншысы Месси арнайы «adidas» компаниясының шығарған бутсыйымен алаңға шықпақ. Мұнымен қоса «Барселонаның» барлық ойыншылары Чемпиондар лигасының финалына арнайы  тігілген жейдемен өнер көрсетпек. Олар жаңа жейделерін салтанатты түрде таныстырып та үлгерді.

Бұдан өзге «Ювентус» футболшылары Берлинде жеңіске жетіп жатса ажал аузынан аман қалған жеткіншектің арманын орындамақКүллі халықтың назарына іліккен Чемпиондар лигасының финалы алтыншы маусым күні «Олимпиаштадионда» өтеді.

B. ZHAQSYMBET