Жанкүйерлер Фрочты Головкинге ең лайықты қарсылас деп есептейді

Жанкүйерлер Фрочты Головкинге ең лайықты қарсылас деп есептейді
Фото: mmaboxing.ru

Жанкүйерлер Карл Фрочты Геннадий Головкинге ең лайықты қарсылас деп есептейді. Бұл Vesti.kz сайтында жүргізілген сауалнаманың негізінде анықталды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Оқырмандардың біраз бөлігі Фроч пен Головкин кездесуі керек деп есептейді, кейбіреулер қазақстандықтың Мигель Котто немесе Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізгенін қалайды (367 дауыс).

Сауалнамаға қатысқандардың ішінен Головкин мен Фрочтың кездесуін қолдамайтындар да табылды.

Еске сала кетейік, Головкин рингке қыркүйекте шығады. Дегенмен, оның қарсыласының есімі әзірше белгісіз. Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Головкин Фрочпен кездесу үшін Англияға баруға дайын екенін мәлімдеді.

М. Бисембаева