Премьер-лига. «Ақтөбе» көштен ұзай түсті (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Премьер-лига. «Ақтөбе» көштен ұзай түсті (видео)
Фото ©️ vk.com

Футболдан ел премьер-лигасының ХІV тур ойындары мәресіне жетті. Шымкентте «Ордабасыны» жеңген «Ақтөбе» турнир кестесінде қарсыластарынан 6 ұпайға озды.

БӨЛІСУ

Бұл маусымда жеңілмеген жалғыз клуб – «Ақтөбе». Осыған дейін «Ордабасы» да жеңілмей келген еді. Бірақ ХІV турда Владимир Газзаев шәкірттері шымкенттік клубты жеңіп кетті. Өз алаңында ойнаған «Ордабасы» қарсыластарына 0:1 есебімен есе жіберіп алды.

Елордалық «Астана» өз алаңында «Атыраумен» тең ойнады. Ойында есеп ашылмады. Ал Қостанайдың «Тобыл» клубы өз алаңында «Ертісті» 1:0 есебімен жеңсе, Көкшетаудың «Оқжетпес» Талдықорғанда дәл осындай есеп айырмасымен «Жетісуді» жеңді.

Соңғы ойындарында сәтсіз өнер көрсетіп жүрген «Қайсар» мен «Шахтер» ойынында екі гол соғылды. Екі голды да Дмитрий Огай шәкірттері өз еншілеріне жазды. Ал «кеншілердің» ойыны түзелер емес. Егер дәл осылай сәтсіздіктерін жалғастыра берер болса, бірінші лигаға түсіп қалуы да мүмкін.

Алматының «Қайрат» клубы өз алаңында «Таразды» жеңді. Алаң иелеріне жеңіс сыйлаған екі голды да премьер-лиганың үздік сұрмергені Жерар Гоу соқты.

 Орын  Клуб Тур  Жеңіс  Тең ойын  Жеңіліс  Доп айырмасы  Ұпай 
1  "Ақтөбе" 14 9 5 0 18-6 32
2  "Астана" 14 7 5 2 27-13 26
3  "Атырау" 14 7 5 2 15-11 26
4  "Ордабасы" 14 6 7 1 14-7 25
5  "Қайрат" 14 7 3 4 26-10 24
6  "Оқжетпес" 14 7 1 6 15-16 22
7  "Тараз" 14 5 2 7 11-13 17
8  "Тобыл" 14 5 2 7 13-21 17
9  "Қайсар" 14 3 6 5 9-13 15
10  "Ертіс"
14 2 6 6 17-21 12
11  "Жетісу" 14 1 4 9 7-22 7
12  "Шахтер" 14 1 2 11 7-26 5