«Реал» бас бапкерсіз қалды

«Реал» бас бапкерсіз қалды
Фото: sports.ru

Мадридтік «Реалдың» президенті Флорентино Перес бас бапкер Карло Анчелоттидің алдағы маусымда қызметін жалғастырмайтынын хабарлады. «Marca» басылымының мәліметі бойынша италиялық маман 26 мамыр күні өз қызметінен ресми түрде кетеді.

Карло Анчелотти осыған дейін денсаулығына алаңдайтынын хабарлаған болатын. Егер «Реалдағы» қызметінен кетер болса, Ванкуверде артқы ми бөлігіне ота жасатып, бір жылдай жұмыс жасамайтынын айтқан-ды. Мадридтік клубтың ойыншылары Флорентино Перестен бас бапкердің қызметінде қала бергенін өтінгенмен, шешім өзгерген жоқ. 

Айта кетейік, Карло Анчелотти «корольдік клубтың» тізгінін 2013 жылы ұстаған болатын. Басты жетістігі – 2013/2015 маусымдағы Чемпиондар лигасында «Реалдың» чемпион атануына септігін тигізді. Испания кубогы, УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Ал бұл маусымда Карло Анчелотти шәкірттері бірде-бір жарыста жеңімпаз атана алмады.  

Ө. Сансызбай