Премьер-лига. «Ақтөбе» алға озды (видео)

Премьер-лига. «Ақтөбе» алға озды (видео)

Футболдан ел премьер-лигасының ХІІІ тур ойындары мәресіне жетті. Владимир Газзаев жаттықтыратын «Ақтөбе» тоғызыншы ойын қатарынан жеңіске жетіп, турнир кестесінде қарсыластарынан 4 ұпайға ұзады.

Бұл маусымда «Ақтөбе» мен «Ордабасы» (Шымкент) әлі жеңіліс тапқан жоқ. ХІІІ турда да қос ұжым қарсыластарына есе жіберген жоқ. «Ақтөбе» өз алаңында «Таразды» 3:1 есебімен жеңсе, «Ордабасы» сырт алаңда «Атыраумен» 1:1 есебімен тең тарқасты.

Өткен маусымда ел чемпионы атанған «Астана» Қарағандыда ірі есеппен «Шахтерды» ұтты. Өз ойынын таба алмай жүрген «кеншілер» премьер-лигада бесінші кездесу қатарынан жеңіліс тауып отыр.

Алматының «Қайрат» клубы Талдықорғанда «Жетісуді» 3:0 есебімен жеңді. Владимир Вайсс жаттықтыратын клуб сапынан Бауыржан Исламхан, Жерар Гоу және Жамбыл Көкеев гол соқты.

Павлодардың «Ертіс» клубы өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» жеңді. Ойында 4:2 есебі тіркелді. Дмитрий Огай жаттықтыратын оңтүстіктік клуб үшінші кездесу қатарынан ұпайсыз қалып отыр.

ХІІІ турда Көкшетаудың «Оқжетпес» клубы нағыз ерлік танытты. 12 минутта Илья Мангуткин алаңнан қуылғаннан кейін қостанайлық клуб бір ойыншы басымдығына ие болған еді. Бірақ, пайдалана алмады. 90 минутта «Тобыл» ойыншылары өз айып алаңында ереже бұзып, алаң иелеріне пенальти «сыйлады». 11 метрлік айып соққысынан Лука Роткович мүлт кетпеді.

ХІІІ тур қорытындысы

«Шахтер» — «Астана» 0:4 (0:2)
Голдар: Нөсербаев 11 (0:1), Твумаси 14 (0:2), Жолшиев 72 (0:3), Шеткин 90 (0:4)

«Оқжетпес» — «Тобыл» 1:0 (0:0)
Голдар: Роткович пенальти арқылы 90 (1:0).
Алаңнан қуылды: Елнур Мангуткин 21 (Оқжетпес)

«Ертіс» — «Қайсар» 4:2 (3:0)
Голдар: Дудченко 25 (1:0), Дудченко 32 (2:0), Кислицын 41 (3:0), Юнузович 49 (3:1), Дудченко 62 (4:1), Хунт 90 (4:2).

«Ақтөбе» — «Тараз» 3:1 (1:0)
Голдар: Аймбетов 18 (1:0), Евстигнеев Д. 63 (1:1), Тағыберген 66 (2:1), Дмитренко 87 (3:1).

«Жетісу» — «Қайрат» 0:3 (0:1)
Голдар: Исламхан 17 (0:1), Гоу 83 (0:2), Көкеев 89 (0:3)

«Атырау» — «Ордабасы» 1:1 (0:0)
Гол: Трайкович 73 (0:1), Аржанов 87 (1:1)
Алаңнан қуылды: Диакате 74 (Ордабасы).

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы