«Арландардың» жартылай финалда жұдырықтасатын құрамы жасақталды

«Арландардың» жартылай финалда жұдырықтасатын құрамы жасақталды
Фото: vk.com

Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғап жатқан «Astana Arlans» клубының жартылай финалдағы ресейлік «Russian Boxing Team» клубына қарсы жұдырықтасатын боксшылары белгілі болды. Осыған дейін ресейлік клуб та Астанаға алып келетін құрамын жариялаған болатын.

Жартылай финалда клубтар екі күн ішінде 10 боксшысын шаршы алаңға шығарады. Отандастарымыз жартылай финалдағы кездесуін 23-24 мамыр күндері Астанада өткізетін болады. Егер жартылай финалдағы осы кездесу тең аяқталса, қосымша жекпе-жек 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі боксшылар нәтижесімен шешіледі. Ал бұл салмақта қазақстандық клуб сапында Еркін Мұқаметжан бар.

Командалар құрамы:

Бірінші күні:

49 келіге дейін: Теміртас Жүсіпов (Мардан Берікбаев) vs Вадим Кудряков (Доржо Раднаев)
56 келіге дейін: Қайрат Ералиев (Мейірболат Тоитов) vs Владимир Никитин (Андраник Григорян) 
64 келіге дейін: Самат Башенов (Асхат Уәлиханов) vs Григорий Лизуненко (Авак Узлян)
75 келіге дейін: Мейірім Нұрсұлтанов (Жәнібек Әлімханұлы) vs Сухроб Сидиков (Петр Хамуков)
91 келіге дейін: Василий Левит (Еркін Мұқаметжан) vs Виталий Кудухов (Евгений Тищенко)

Екінші күні:

52 келіге дейін: Олжас Сәттібаев (Мирас Жақыпов) vs Карен Арутюнян 
60 келіге дейін: Закир Сафиуллин (Ержан Мұсафиров) vs Артур Субханкулов
69 келіге дейін: Асланбек Шымбергенов (Данияр Елеусинов) vs Якуб Нуриев
81 келіге дейін: Нұрдәулет Жарманов (Али Ахмедов) vs Эдуард Якушев
91 келіден жоғары: Иван Дычко (Филипп Хргович) vs Руслан Шамалов

Айта кетейік, 2015 жылғы WSB жобасының екінші жартылай финалында «Cuba Domadores» – «Mexico Guerreros» клубтары кездесуде. Бұл ұжымдар арасындағы айқас 21-22 мамырда өтеді.

Ө. Сансызбай