Хави Чемпиондар лигасының финалына қатыспайды

Хави Чемпиондар лигасының финалына қатыспайды
Фото: www.sports.fr

Каталондық «Барселона» футбол клубының ойыншысы Хави Эрнандес 21 мамыр күні өзінің жаңа командасы «Әл-Саддқа» кететіндігін мәлімдеді. Хави мен испан клубының арасындағы келісім отызыншы шілдеде аяқталуы тиіс болатын. Алайда катарлық клубтың басшылығы каталондық командамен өзара келісіп, орталық жартылай қорғаушыны мерзімінен бұрын өз командаларынан көргісі келетіндігін жеткізген.

1998 жылдан бері «Барселонаның» намысын қорғап келген жартылай қорғаушы осы уақытқа дейін 750 ойын өткізіп, 84 голды өз атына жазған. Мұнымен қоса жеті рет Испания чемпионы атанып, екі рет ел кубогын, және үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған. 

Хави Эрнандес пен катарлық клуб арасында үш жылдық келісім жасалған.

B. ZHAQSYMBET