Америкалық Дарнелл Бун Головкинмен кездескісі келетінін айтты

Америкалық Дарнелл Бун Головкинмен кездескісі келетінін айтты
Фото: tn.kz

Андре Уордты нокдаунға түсіріп, Адонис Стивенсонды нокаутпен жеңген америкалық боксшы Дарнелл Бун WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгім келеді. Мен Огайо штатының Янгстаун қаласынан шыққанмын. Біз ешқашан жеңілмейміз. Мен орта салмақ дәрежесіндегі кез келген чемпионды өз жолымнан ысырып тастауға дайынмын. Мұны Головкин біліп жүрсін", - деді Бун.

Еске сала кетейік, 17 мамырда Головкин Вилли Монро кішіні нокаутқа түсірген болатын. Қазақстандық боксшы бұл жекпе-жегі үшін мансап жолындағы ең көп гонорарды алады. Кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Головкин қыркүйек айында америкалық Флойд Мейвезер кішіге қарсы шығуға дайын екенін мәлімдеді.

М. Бисембаева