«Барселона» Испания чемпионы атанды

«Барселона» Испания чемпионы атанды
Фото: vk.com

Футболдан каталондық «Барселона» Испания біріншілігінің аяқталуына бір тур қалғанда чемпиондық атақты жеңіп алды. Луис Энрике шәкірттері 37-ші турда Мадридте «Атлетиконы» жеңді.

«Барселона» өз тарихында 23-ші рет чемпиондық атақты жеңіп алды. Соңғы рет «блауграна» 2012/2013 жылғы маусымда бұл атақты иеленген болатын. Ал өткен жылы ла-лиганы екінші орынмен қорытындылаған еді.

Каталондық клубқа чемпиондық атақты ертерек сыйлаған жеңіс голын Лионель Месси соқты. Аргентиналық сұрмерген 65 минутта Педроның берген пасын сәтті пайдаланып, ла-лигадағы 41-ші голын соқты.

Айта кетейік, 37-ші турда мадридтік «Реал» сырт алаңда жеңіске жетті. Каталонияда «Эспанольмен» ойнаған «корольдік клуб» ойынды 1:4 есебімен аяқтады. Кездесуде Криштиану Роналду хет-трик орындады. Нәтижесінде ла-лигадағы осы маусымда соққан голдарының санын 45-ке жеткізді. Соңғы турда «Реал» «Хетафемен» ойнаса, «Барселона» «Депортивомен» кездеседі.

Бұл маусымда «Барселона» өте сәтті өнер көрсетуде. Алда Чемпиондар лигасы мен Испания кубогын жеңіп алуына мол мүмкіндіктері бар. Егер бұл жетістіктерді бағындырар болса, Лионель Месси бесінші «Алтын добын» жеңіп алуы бек мүмкін. 

Ө. Сансызбай