Головкиннің бапкері кіші Монроға ақылын айтты

Головкиннің бапкері кіші Монроға ақылын айтты
Фото: tn.kz

WBA (Super), WBС (Interim) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес америкалық кіші Вилли Монроға ақыл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Монроға айтарым, әдетінше арқанға асылып тұрмасын. Ол арқанды жағалап жүргенді жақсы көреді, сөйтіп қарсыласының соққы беруіне жол ашады, меніңше, бұл - қателік. Мен болсам рингтің қақ ортасында Геннадий маған келгенше күтіп тұрар едім, сөйтіп қарсы шабуыл жасар едім", - деді Санчес.

Еске сала кетейік, боксшылар арасындағы жекпе-жек 16 мамырда Ингливудтағы The Forum аренасында өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша 17 мамырда таңғы сағат 08.00-де басталады. "Қазақстан" телеарнасы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді.

М. Бисембаева