Бауыржан Исламхан Буркина-Фасо құрамасына қарсы ойнамайды

Бауыржан Исламхан Буркина-Фасо құрамасына қарсы ойнамайды
Фото: kff.kz

Футболдан Алматының «Қайрат» клубының капитаны Бауыржан Исламхан 12 мамыр күнні Қазақстан құрамасының Буркина-Фасоға қарсы ойынына қатыспайтын болды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бауыржан Исламхан ұлттық құраманың негізгі ойыншыларының бірі. Сондықтан да бапкерлер қосыны жолдастық кездесуге жартылай қорғаушыны шығаруды жөн деп таппапты. Оның орнына «Қайраттың» екінші бір ойыншысы Аслан Дарабаев жаттығуда. Қазіргі таңда құрама Талғарда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Қазақстан құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Логиновский Владимир ("Астана"), Покатилов Стас ("Ақтөбе"), Цирин Антон ("Оқжетпес");

Қорғаушылар: Ахметов Елдос ("Астана"), Абдулин Ренат ("Ордабасы"), Бейсебеков Абзал ("Астана"), Воротников Илья ("Тараз"), Гурман Марк ("Қайрат"), Қуантаев Ермек ("Қайрат"), Логвиненко Юрий ("Ақтөбе"), Малый Сергей ("Ордабасы"), Сүйімбаев Гафуржан ("Ордабасы"), Шомко Дмитрий ("Астана")

Жартылай қорғаушылар: Джолчиев Бауржан ("Астана"), Досмағамбетов Тимур ("Тараз"), Жұмаханов Санат ("Тараз"), Жуков Георгий ("Астана"), Аслан Дарабаев ("Қайрат"), Қонысбаев Ұлан ("Астана"), Лунин Станислав ("Қайрат"), Мухутдинов Альмир ("Тараз"), Мұртазаев Роман ("Шахтер"), Нұрғалиев Азат ("Ордабасы"), Смақов Самат ("Ертіс");

Шабуылшылар: Нөсербаев Танат ("Астана"), Хижниченко Сергей ("Ақтөбе"),  Алексей Щеткин ("Астана").

Айта кетейік, Қазақстан мен Буркина-Фасо арасындағы жолдастық кездесу ертең Астана уақытымен сағат кешкі 18:00-де басталады. Тікелей эфирде «Хабар» арнасы көрсететін болады.

Ө. Сансызбай