Мейвезер Пакьяомен қарымта жекпе-жек өткізуден бас тартты

Мейвезер Пакьяомен қарымта жекпе-жек өткізуден бас тартты
Фото: AFP

Әлемдегі ең бай спортшы, кәсіпқой бокста жеңіліс таппаған Флойд Мейвезер филиппиндік Мэнни Пакьяоға қарсы қарымта жекпе-жекке шығудан бас тартты. Ол өзінің бұл кездесуге шықпауын қарсыласының қорқақтығымен түсіндірді.

- Мен Пакьяомен қарымта кездесуге шықпаймын. Себебі, ол – жолы болмайтын қорқақ, - деген «Showtime» телеарнасындағы бағдарламада.

Айта кетейік, қос боксшы арасындағы 2 мамыр күні өткен «ғасыр жекпе-жегінде» Флойд Мейвезер Мэнни Пакьяоны ұпай айырмашылығымен ұтқан болатын.

Ұқсас жазба

Флойд Мейвезер Геннадий Головкинмен неге жұдырықтасқысы келмейді?

Жарақатын жасырған Пакьяо жазалана ма?

Ө. Сансызбай