Чемпиондар лигасы. «Бавария» бабын байқата ма?

О Сансызбай Корреспондент
Чемпиондар лигасы. «Бавария» бабын байқата ма?
Фото ©️ eurosport.ru

Бүгін түнде футболдан Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы екінші ойын өтеді. Каталондық «Барселона» өз алаңында мюнхендік «Баварияны» қабылдайтын болады. Ал біз сіздерге кездесу алдындағы шолуымызды ұсынамыз.

БӨЛІСУ

«Камп Ноуда» нағыз тартысты кездесу болары сөзсіз. Өйткені Еуропаның қос топ-клубы жарысты жарты жолда аяқтауды жоспарламайтыны анық. Осыдан екі жыл бұрын «Бавария» екі ойында да «Барселонаны» сүріндіріп кеткен еді. Биыл бұл жетістігін қайталай алар ма екен? Әлде каталондық клуб сол есесін қайтара ма?

Бұл маусымда «Барселонаның» бабында екенін жанкүйерлер байқап-ақ жүр. Ал «Бавария» ойыншыларын жарақат эпидемиясы «жайлап» алды. Негізгі құрамдағы Арьен Роббен, Давид Алаба, Франк Рибери, Себастьян Роде мен Хольгер Бадштубердің жарақат алуы команда ойынына әсерін тигізуде.

Бүгінгі ойынға нақты бір болжам айту қиын. Десе де «Барселона» өз алаңында фаворит екені айқын. Бірақ, Хосеп Гвардиола да бұрынғы клубының қыр-сырын білетіні рас. «Бавария» бапкерінің ойлағаны жүзеге асып қалуы да ғажап емес. Букмекерлік орталықтар «Барселона» жеңісіне – 1,75  коэффициент, тең ойынға – 3,95 коэффициент, «Бавария» жеңісіне – 4,87 коэффициент беріп отыр. Ойын Астана уақытымен сағат түнгі 00:45-те басталады.

Ойынға шығуы мүмкін командалар құрамы

Кездесуге италиялық төреші Никола Риццоли қазылық жасайтын болады. Ойынды «КТК» арнасынан тамашалай аласыздар.

Әрине, бүгін түндегі кездесу нағыз тартысқа толы болмақ. Спорт, әсіресе футболда күтпеген нәтижелер көптеп кездеседі. Ал сіздер бұл ойындар туралы қандай ой қосасыздар? Айта отырыңыздар!