Футболдан ел кубогының жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
Футболдан ел кубогының жеребесі тартылды
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан Республикасы кубогы ширек финалының жеребесі тартылды. Клубтар арасындағы ойындар 20 мамыр күні өтетін болады.

БӨЛІСУ

Ширек финалда Алматының «Қайраты» өз алаңында «Таразбен» ойнаса, Владимир Газзаев жаттықтыратын «Ақтөбе» сырт алаңда «Оқжетпеспен» (Көкшетау) кездесетін болды. «Тобыл» Қостанайда Талдықорғанның «Жетісу» клубымен жартылай финал жолдамасын сарапқа салса, өткен маусымда ел чемпионы атанған «Астана» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» қабылдайды.

Айта кетейік, жартылай финалға шыққан клубтар бір ойын қорытындысымен анықталады.

Ұқсас жазба:

Футболдан ел кубогының ширек финалына шыққан клубтар анықталды (видео)