Владимир Кличко кезекті жеңісіне қол жеткізді

Владимир Кличко кезекті жеңісіне қол жеткізді

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы украиналық былғары қолғап шебері Владимир Кличко америкалық боксшы Брайант Дженнингсты тізе бүктірді.

Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Кличконы жеңімпаз деп тапты. Осылайша ол өзінің IBF, IBO, WBO және WBA Super нұсқалары бойынша чемпиондық титулын қорғап қалды. 

Бұл бокс кешіне қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де барып, жанкүйерлік етті. Сондай-ақ белгілі канадалық боксшы Леннокс Льюис те көрермендер қатарынан табылды. 

Сурет: gazeta.ru

Н. Айдархан