«Арландар» биылғы маусымда алғаш рет жеңілді

«Арландар» биылғы маусымда алғаш рет жеңілді

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғап жатқан «Astana Arlans» клубы Италияның "Италия Тандер" командасынан 2:3 есебімен ұтылды. 

Италияның Бергамо қаласында өткен кездесуде қазақстандық боксшылар сапынан Асланбек Шымбергенов пен Филипп Хргович жеңіске жетті. Бұл сында 91 келіден жоғары салмақтағы боксшымыз нокаутпен жеңіске жетті. Ал Мирас Жақыпов, Роман Щергинов, Хрвое Сеп сынды боксшыларымыз қарсыластарына жол берді. 

"Italia Thunder" – "Astana Arlans" – 3:2

52 келі. Гаурав Бидхури – Мирас Жақыпов – 2:1 (48:47, 48:47, 45:50)

60 келі. Донато Козенца – Роман Щегринов – 3:0 (48:47, 49:46, 48:47)

69 келі. Адам Патрик Нолан – Асланбек Шымбергенов – 0:3 (47:48, 46:49, 47:48)

81 келі. Валентино Манфредонья – Хрвое Сеп – 3:0 (49:46, 48:47, 48:47)

+91 келі. Алессио Спахиу – Филип Хргович – TKO (R2, 1:30)

Қарсыластарын бет қаратпай ұтып келе жатқан Марат Жәкиев шәкірттері осылайша алғаш рет ұпай жоғалтты. Алайда «Астана арландары» 39 ұпаймен «В» тобында бірінші орынға ие болды. Ел боксшылары жартылай финал жолдамасын алдына ала иемденіп қойған болатын. 

Cурет: vesti.kz

Н. Айдархан