Зарина Диас Сара Эрраниді жеңе алмады

О Сансызбай Корреспондент
Зарина Диас Сара Эрраниді жеңе алмады

Германияның Штутгард қаласында өтіп жатқан «Porsche Grand Prix» халықаралық турниріне қатысқан отандасымыз Зарина Диас жарысты екінші айналымда аяқтады.

БӨЛІСУ

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші неміс қызы Сабин Лисицкиді бір геймде де есе жібермей ұтқан болатын. Бірақ, екінші айналымда жеңіліс тапты. Әлемдік рейтингте 32-ші орында тұрған отандасымы әлемнің 15-ракеткасы италиялық Сара Эрраниге 4:6, 1:6 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Зарина Диас «Porsche Tennis Grand Prix» халықаралық турниріне алғаш рет қатысып отыр. Енді келер аптада Марокконың Марракеш қаласында өтетін «Grand Prix De SAR La Princesse Lalla Meryem» халықаралық турниріне қатысады. Бұл жарыстың жүлде қоры – 250 мың АҚШ долларын құрайды. 27 сәуір мен 2 мамыр аралығында өтетін жарысқа да Зарина алғаш рет қатысқалы отыр. Осыған дейін «Grand Prix De SAR La Princesse Lalla Meryem» турниріне Юлия Путинцева (2013 жылы) қатысқан. Ол бірінші айналымнан өткенмен, екінші айналымда француз Кристина Младеновичтен ұтылып қалған болатын. 

Сурет: sports.kz