Қазақстандық шахматшы қыздар әлем чемпионатын жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық шахматшы қыздар әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Шахматтан Қытайдың Чэнгду қаласында басталған командалық әлем чемпионатында қазақстандық арулар бірінші ойынын жеңіспен бастады. Отандастарымыз Үндістан елінің шахматшы қыздарын 2,5:1,5 есебімен ұтты.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы сапынан Гүлісхан Нахбаева мен Гүлмира Дәулетова қарсыластарынан басым түссе, Жансая Әбдімәлік бірінші тақтада Конер Хампимен тең ойнады. Ал Динара Сәдуақасова болса Харик Дроновалиден ұтылып қалды.

Айта кетейік, шахматтан командалық әлем чемпионатына әлемнің 10 үздік құрамасы қатысуда. Екі жыл сайын ұйымдастырылып тұратын дода 2013 жылы Астанада өткен болатын. Жарыста Украина елінің шахматшы қыздары жеңіске жетсе, Қазақстан құрамасы жетінші орыннан көрінген-ді.

Астанадағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Украина құрамасы Чэнгдудағы жарысты сәтсіз бастады. Олар бірінші ойында Польшадан 1:3 есебімен ұтылды. Келесі кездесуде Қазақстан мен Украина қыздары ойнайтын болады.

Біріншілік барысында шахматшыларымыздың дайындығын екі бапкер - Павел Коцур мен Серікбай Темірбаев бақылап жүретін болса, халықаралық дәрежедегі Беларусь елінің гроссмейстері Алексей Александров кеңес беріп отырады.

Командалық әлем чемпионаты 29 сәуірге дейін жалғасады. Барлық құрамалар бір-бірімен ойнап, ұпай көрсеткіші бойынша жеңімпаз құрама анықталатын болады. 

Сурет: kazchess.kz