Флойд Мейуезер биыл бокстан кетеді

Флойд Мейуезер биыл бокстан кетеді

Америкалық боксшы, pound-for-pound көшбасшысы кiшi Флойд Мейуезер (47-0, 26 КО) қыркүйек айында бокстан бiржола кететінін айтты, - деп жазады inform.kz

«Келiсiмшарт бойынша, Пакьяомен жекпе-жекті есептемегенде тағы бiр кездесу қалды, ол қыркүйекте өтедi. Мен содан соң бокстан кетемін», - дедi ол BoxingScene сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, 2 мамырда Лас-Вегаста MGM Grand аренасында Мейуезер мен Пакьяо арасында кездесу өткелi отыр. Сарапқа WBA, WBC және WBO тұжырымдарының чемпиондық белбеулерi салынады.

сурет: youfight.info

Е. Қайрахан