Хоккейден Қазақстан құрамасы Италиядан басым түсті

О Сансызбай Корреспондент
Хоккейден Қазақстан құрамасы Италиядан басым түсті

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионаты алдында дайындығын пысықтау үшін Италиямен жолдастық кездесу өткізді. Сырт алаңда өткен ойында отандастарымыз 2:0 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Андрей Назаров баптайтын ұлттық құрама сапынан бірінші болып 15-минутта Кевин Даллмэн есеп ашты. 35-минутта бұл есепті Роман Старченко еселей түсті. Ал айдын иелері Павел Поуэктов қорғаған қақпаның кілтін таба алған жоқ.

Қазақстан құрамасы бүгін тағы бір жолдастық кездесуін өткізеді деп күтілуде. Екі ойын қорытындысы бойынша төрт ойыншы елге оралса, қалған құрам әлем чемпионатына жол тартатын болады. Ал әлем чемпионаты 19-25 сәуір аралығында Польшаның Краков қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары – Польша, Укарина, Италия, Венгрия және Жапония. Бірінші және екінші орыннан көрінген құрамалар лем чемпионатының жоғарғы дивизионында өнер көрсетуге мүмкіндік алады. 

Сурет: teraz.sk