"Астана Арланс" боксшылары "Пуэрто-Рико Харрикейнс" командасын 4:1 есебімен жеңді

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
"Астана Арланс" боксшылары "Пуэрто-Рико Харрикейнс" командасын 4:1 есебімен жеңді

Қазақстандық "Астана Арланс" клубы Әлемдік бокс сериясында (WSB) 12-ші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Бұл жолы сырттағы кездесуде "Пуэрто-Рико Харрикейнс" клубы 4:1 есебімен есе жіберді.

БӨЛІСУ

Данияр Елеусіновтің 69 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын қарсыласы Флаз Никлауз денсаулығына байланысты рингке шыға алмады. Екінші кездесуде 52 келіге дейінгі салмақта Олжас Сәттібаев қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен Цинтрон Хесустен жеңілді  - 47:48, 47:48, 47:48. Бірақ "арландарды" хорват легионері Хрвое Сеп алға шығарды (81 келіге дейінгі салмақ), ол үш раундта Лабою Джозефтен үстем болды. Содан кейін Закир Сафуллин 60 келіге дейінгі салмақ категориясында Росарио Хосе Хавьераны уақытынан бұрын жеңді. Ал 91 келіден жоғары салмақта Филипп Хргович Хосе Габриэль Мединаны екінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Бұған дейін "Рафако гусарлары", "Италия тандер", "Аргентина қырандары", "Пуэрто-Рико дауылдары", "Баку оттары", "Поляк гусарлары", "Америка нокаутшылары" және "Венесуэла билеушілері" командаларының тізесі бүгілген болатын.

сурет: prosportkz.kz