Жас боксшылар Анападан олжалы оралды

О Сансызбай Корреспондент
Жас боксшылар Анападан олжалы оралды

Ресейдің Анапа қаласында халықаралық деңгейдегі спорт шебері Николай Павлюковты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир мәресіне жетті. Бұл жарысқа Ғалымбек Кенжебаев баптайтын Қазақстан жастар құрамасы да қатысты.

БӨЛІСУ

Ширек финалға Қазақстан жастарынан тоғыз бірдей боксшымыз шықты. Бірақ, оның төртеуі ғана финалда жұдырықтасуға мүмкіндік алды. 46-49 келі салмақ аралығында жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов пен 60 келіге дейінгі салмақта жекпе-жек өткізген Сабыржан Әбілов ресейлік қарсыластарын жеңіп, алтыннан алқа тақты. 75 келіге дейінгі салмақта Аманқұл Альбихан да финалда шотландиялық боксшыны жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 52 келіге дейінгі салмақта Мазур Стоян қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Нәтижесінде Ғалымбек Кенжебаев жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы 3 алтын, 1 күміс жүлдемен елге олжалы оралды.

 Cурет: kfb.kz