Ертең ел премьер-лигасының V тур ойындары өтеді

Ертең ел премьер-лигасының V тур ойындары өтеді

Ертең футболдан Қазақстан премьер-лигасының V тур ойындары өтеді. 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында аздаған үзіліс алған жарыстың көрігі қайта қызатын болады.

Қазіргі таңда IV тур қорытындысы бойынша елордалық «Астана» 10 ұпаймен көш бастап келеді. Бір ұпайы кем көкшетаулық «Оқжетпес» екінші орында болса, үштікті шымкенттік «Ордабасы» 8 ұпаймен қорытындылап тұр.

V тур ойындары:

«Қайрат» - «Оқжетпес»

«Ордабасы» - «Тараз»

«Астана» - «Ақтөбе»

«Тобыл» - «Шахтер»

«Қайсар» - «Атырау»

«Жетісу» - «Ертіс»

«KazSport» арнасы Астана уақытымен 13:50-де «Ордабасы» мен «Тараз» арасындағы ойынды көрсетсе, 16:00-де «Астана» мен «Ақтөбе» кездесуін тамашалай аласыздар.

Сурет: vk.com 

Н. Айдархан