Қазақстан премьер-лигасындағы клубтар саны артады

Қазақстан премьер-лигасындағы клубтар саны артады

Алдағы маусымнан бастап ел премьер-лигасындағы клубтар саны артады. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХІІ конференциясында айтылды.

2016 жылғы маусымнан бастап премьер-лигадағы клубтар саны тағы екеуге артпақ. Жиын барысында федерация президенті Ерлан Қожағапанов келесі жылдан бастап футболдан Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін клубтардың санын 14-ке дейін көбейтуді ұсынды.

Атқарушы кеңес құрамы алдына ел біріншілігін қайта 2 айналымнан тұратындай етіп, командалар санын 14-ке дейін жеткізу туралы тапсырма қойылды. Жиын соңына дейін бұл мәселе шешімін табуы тиіс, - дейді ҚФФ президенті Ерлан Тоқтарханұлы.

Әлемде қаржылық дағдарысы үдеп тұрған уақытта ҚФФ президенті жасаған бұл ұсыныс қалай жүзеге асатыны әзірге белгісіз. Сонымен қатар, ішкі біріншіліктің жүйесі де талқылануда. Екі алтылыққа бөлініп чемпиондықты анықтайтын жүйе алынып тасталуы да мүмкін.

Сурет: kff.kz

Ө. Сансызбай