Неймар Бразилияның ең үздік ойыншысы атанды

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
Неймар Бразилияның ең үздік ойыншысы атанды

Жыл сайын Бразилияның ең үздік ойыншысын анықтайтын Sambafoot байқауының қорытындысы шықты. Аталған сайыс барысында 19 дауыс жинап, ең жоғарғы көрсеткішке ие болған Бразилия құрамасының және каталондық «Барселона» футбол клубының шабуылшысы Неймар Samba Gold атағын жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Бұл сында Неймардан басқа «Атлетиконың» ойыншысы Миранду мен түркиялық «Галатасарай» командасында өнер көрсететін Фелипе Мело да өз бақтарын сынап көрді.

Sambo Gold атағын бұған дейін «ПСЖ» командасының қорғаушысы Тиаго Силва қатарынан үш мәрте жеңіп алған болатын.


Сурет:24sata.hr

Ұқсас жазбалар:

Пеле: "Неймар мені басып оза алмайды

Неймар Гиннес рекордтар кітабына енді

Неймар - Еуропа жасыл алаңдарының жарық жұлдызы