Робиньо "Миланға" қажет емес

Робиньо "Миланға" қажет емес

Итальяндық футбол клубы "Милан" жазғы ауысым терезесінде Робиньоны сатуға ниетті және бразилиялық шабуылшыға қатысты кез келген ұсынысты қарастыруға дайын, деп хабарлайды Football Italia.

Қазіргі уақытта 28 жасар бразилиялық "Милан" клубы сапындағы ең жоғары төленетін футболшы. Оның жылдық табысы 6 миллион евроны құрайды. Робиньоның итальяндық клубпен жасаған келісім-шарты 2014 жылдың маусым айында аяқталатынына қарамастан, "Милан" басшылығы төлем тізімдемесін азайту мақсатында бразилиялық форвардты сатуды жөн көреді-міс. БАҚ өкілдерінің ақпары бойынша, бразилиялықтың ауысымына 10 миллион евро ұсынып отырған испандық "Малага" клубы қызығушылық білдіретін көрінеді. 

Естеріңізге сала кетсек, Робиньо "Милан" сапына "Манчестер Сити" клубынан 2010 жылдың жазында ауысқан болатын. Өткен маусымда - 2011/2012 шабуылшы "Милан" сапында 28 ойын өткізіп, 6 гол соққан еді. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: live-football.ru

Ж. FM