Қазақстан мен БАӘ Азияда велоспортты бірлесе дамытпақ

Қазақстан мен БАӘ Азияда велоспортты бірлесе дамытпақ

Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев пен Біріккен Араб Әмірлігі велоспорт федерациясының президенті Осама Ахмад Шахфар Азия құрлығында велоспортты бірлесе дамыту туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы ҚВСФ-ның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Екі ел велоспорт басшылары Наурыз мейрамы қарсаңында Дубайда бас қосты. Қос тарап қол қойған қызметтестік туралы меморандумның маңызы жоғары. Алдағы уақытта бірлесе жарыстар ұйымдастыру, БАӘ елінің спортшылары мен бапкерлерін «Astana Proteam» велоклубының базасында оқу мен тәжірибеден өткізу жолға қойылған. Азия құрлығында велоспортты бірлесе дамыту туралы да іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Сонымен қатар, допингті қолданумен күресу бойынша ақпаратпен, бағдарламалар мен басқа да материалдармен алмасу саласындағы қызметтестікке де ерекше назар аудару көзделген. 

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан мен Ресей велоспорт федерациялары ұлттық және халықаралық деңгейде велосипед спортының даму ісіндегі қызметтестік туралы меморандумға қол қойған болатын. 

Сурет: ҚВСФ баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз

Қазақстан мен Ресей велоспортты бірлесе дамыту туралы меморандум орнатты

«Арландардың» АҚШ-та шаршы алаңға шығатын құрамы белгілі болды

Ө. Сансызбай