Рио Олимпиадасының күнтізбесі жарияланды

Рио Олимпиадасының күнтізбесі жарияланды

Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті төртжылдықтың басты спорт додасының күнтізбесін жария етті, – деп хабарлайды 24.kz. Бұл туралы Nur.kz жазды.

2016 жылғы Рио-де-Жанейро ойындарының басталуына 500 күн қалды. Ғаламдық бәсеке 2016 жылдың 5-21 тамыз аралығында өтеді. Спорттық жарыстар 6 тамыздан басталады.

Қазақ жанкүйерлері асыға күтетін бокс, дзюдо, ауыр атлетика сынды сайыстар алғашқы күннен-ақ қыза түспек.

Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаты өтетін орын – әйгілі Маракана стадионы.

сурет: brazil24.ru

Е. Қайрахан