Қанат Ислам әлемдік рейтингте екі сатыға жоғарылады

Қанат Ислам әлемдік рейтингте екі сатыға жоғарылады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам колумбиялық Орландо Эстраданы жеңген соң әлемдік рейтингте екі сатыға жоғарылады, – деп жазады Baq.kz.

Жерлесіміз тәуелсіз «BoxRec.com» көрсеткіші бойынша 79-шы орынға көтерілген. Өткен айда бұл тізімде 81-ші болып тұрған еді.

Айта кетейік, Қанат 24 наурыз күні WBA Fedecaribe тұжырымының иегері болды. Колумбиялық Орландо де Хесус Эстрадамен болған кездесуде, қарсыласын төртінші раундта нокаутқа түсірді. Бұл оның кәсіпқой рингтегі 19-шы жеңісі. 

сурет: allboxing.ru

Е. Қайрахан