Қазақстан – Исландия кездесуін әлемнің 20-дан астам арнасы көрсетеді

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан – Исландия кездесуін әлемнің 20-дан астам арнасы көрсетеді

Футболдан 28-наурыз Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында кезекті кездесуін өткізеді. Отандастарымыз Астана қаласында Исландия құрамасымен кездеседі. Ойынды әлемнің 20-дан астам телеарнасы көрсетеді деп күтілуде.

БӨЛІСУ

«А» тобында бақ сынап жатқан Қазақстан ұлттық құрамасы 4 ойыннан кейін 1 ғана ұпай жинап, соңғы орында тұр. 4 ойында да жеңіске жеткен Чехия көш бастап тұрса, екінші орынға 9 ұпаймен Исландия құрамасы орналасқан. Жалпы Исландия футболы соңғы жылдары қарыштап дамып келеді. 2011 жылдан бері ФИФА рейтингінде 78 сатыға көтерілген.

Қазақстан мен Исландияның ұлттық құрамалары бұған дейін кездесіп көрген емес. Есесіне, 2009 жылы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» мен «Хабнарфьордюр» клубтарының жолдары түйісті. Самат Смақов бастаған жігіттер сырт алаңда 4 гол соқса, Ақтөбеде 2:0 есебімен жеңген еді. Одан кейін Еуропа чемпионатының електік додасы аясында жастар құрамасы өзара жолықты. Сырт алаңда өткен алғашқы кездесуде қарсыластың жолы болса, былтыр көктемде Астанадағы ойында отандастарымыздың бағы жанды. Саулюс Ширмиялис шәкірттері 3:2 есебімен ұтқан болатын.

28-наурыз күні «Астана-Арена» стадионында өтетін Қазақстан мен Исландия арасындағы ойынға Грекиядан келген төрешілер қазылық жасайды. Бас қазы - Тасос Сидиропулос, ал оған алаң жиегінде Дамианос Эфтимиадис пен Полихронис Костарас көмектесетін болады. Төртінші төреші болып Христос Акривос тағайындалды.

Қазақстан мен Исландия арасындағы ойынды әлемнің 20-дан астам телеарналары көрсетеді деп күтілуде. Олардың қатарында әйгілі ESPN Caribbean, Sport + және EuroSport 2 арналары да бар. Ал елімізде тікелей эфирде «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсететін болады. Ойын Астана уақытымен кешкі сағат 21:00-де басталады.

Қазақстан – Исландия кездесуін тікелей эфирден көрсететін арналар тізімі:

1. ESPN Caribbean
2. EuroSport 2 (Швеция)
3. Futbol 1 (Украина)
4. Movistar Futbal (Испания)
5. OTE Sport 2
6. Polsat Sport Extra
7. RUV Sjonvarpid
8. Sky Calcio 2
9. Sky Sport Plus (Италия)
10. Sky Sports 5 (Украина)
11. Sport 1 (Израиль)
12. Спорт 1 (Ресей)
13. Sport 1 Select (Нидерланды)
14. Sport TV Africa 1
15. Sport TV 1 (Португалия)
16. Sport + (Франция)
17. SportKlub 1 (Хорватия)
18. SportKlub 1 (Сербия)
19. SportKlub 1 (Словения)
20. ESPN 2
21. ESPN Deportes (АҚШ)
22. SportsNet World (Канада)

Сурет: prosportkz.kz

Оқи отырыңыз

Швециялық клуб Франциядағы әуе апатынан аман қалған

Бағы жанбай жүрген бапкерлер

Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)

Катар футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатын қыста өткізетін болды