Зарина - әлемдегі үздік 35 теннисшінің қатарында

Шерхан Талап Корреспондент
Зарина - әлемдегі үздік 35 теннисшінің қатарында

Қазақстанның бірінші ракетасы Зарина Диас Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) жаңартылған рейтингінде 32-ші орнын сақтап қалды.

БӨЛІСУ

Зарина өткен аптада Индиан-Уэллс теннис турнирінің үшінші кезеңіне дейін жеткен болатын. Төртінші айналымға өтер жолда әлемнің бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямспен жолығып, жеңіліс тапты. 55 минутқа созылған ойын 6:2, 6:0 есебімен аяқталды. Жерлесіміз бұл көрсеткішінен кейін рейтингтегі өз орынын сақтап қалды.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева аталған турнирдің үшінші кезеңінде сербиялық теннисші Ана Ивановичке есе жіберген болатын. Бұл нәтиже Путинцеваның алты саты жоғары көтерілуіне себеп болды. Юлия WTA рейтингінде 101-ші орынға көтерілді. Индиан-Уэллс турниріне қатыса алмаған Ярослава Шведова болса, 14 саты төмен құлдилап 74-ші орынға тұрақтады.

WTA рейтингінің алғашқы ондығында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бірінші орында бұрынғыша америкалық Серена Уильямс тұрса, екінші орын ресейлік Мария Шараповаға тиесілі. Ал, үздік үштікті румыниялық Симона Халеп түйіндеп тұр.

23 наурыз күні жаңарған WTA рейтингі:

1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) — 9982 ұпай,
2 (2). Мария Шарапова (Ресей) — 8270,
3 (3). Симона Халеп (Румыния) — 7181,
4 (4). Петра Квитова (Чехия) — 6275,
5 (5). Каролина Возняцки (Дания) — 4770,
6 (6). Ана Иванович (Сербия) — 4425,
7 (7). Эжени Бушар (Канада) — 4306,
8 (8). Агнешка Радваньская (Польша) — 3480,
9 (9). Екатерина Макарова (Ресей) — 3420,
10 (10). Андреа Петкович (Германия) — 3190,
...32 (32). Зарина Диас (Қазақстан) - 1480,
...74 (60). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 760,
...101 (107). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 588.

Сурет: j48tennis.net