Жанат Жақиянов WBO рейтингіндегі бесінші орнын сақтап қалды

Жанат Жақиянов WBO рейтингіндегі бесінші орнын сақтап қалды

Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген отандасымыз Жанат Жақиянов Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңа рейтингінде бесінші орынын сақтап қалды.

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ санатындағы боксшылардың рейтингін жаңартты. Жеңіл салмақта (53,5 келі) өнер көрсетететін жерлесіміз бұл тізімде бесінші орыннан көрінді. Жанат Жақиянов ең соңғы кездесуінде филлиппиндік боксшы Роберто Лерионы екінші раундта құлатқан болатын. Жекпе-жек Аустралияның Квинсленд қаласында өтті.

30 жастағы боксшы кәсіпқой бокста 25 кездесу өткізіп, оның біреуінде ғана жеңіліс тапқан. 24 кездесуінде жеңімпаз атанған жерлесіміз 17 мәрте жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. 

Қазақстандық боксшы EBU жүйесі бойынша жеңіл салмақтағы Еуропа чемпионы және «WBC Eurasia Pacific Boxing Council» белбеуінің иегері саналады. Сондай-ақ, WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер боксшылардың арасында бірінші орынға ие.

Сурет: hattonboxing.com

Н. Айдархан