Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтын Исландия футболшылары анықталды

Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтын Исландия футболшылары анықталды

Футболдан Исландия ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасына қарсы ойнайтын футболшылардың тізімін жариялады.

Исландия құрамасының сапына "Барселона", "Челси" командаларының бұрынғы ойыншысы  Эйдур Гудьонсен қайта оралды. 36 жастағы шабуылшы ұлттық құрама қатарындағы соңғы ойынын 2013 жылдың қазан айында өткізген екен.

Бас бапкер Ларс Лагербек жариялаған исландиялық футболшылар: 

Қақпашылар: Ханнес Хадльдорссон, Эгмундур Кристинссон, Ингвар Йонссон;

Қорғаушылар: Биркир Севанссон, Рагнар Сигурдссон, Кари Арнасон, Ари Скуласон, Хадльгримур Йонассон, Йоун Гудни Фьоулюссон, Хердур Бьергвин Магнуссон, Хаукур-Хейдар Хаукссон;

Жартылай қорғаушылар: Эйдур Гудьонсен, Арон Гуннарссон, Эмиль Хадльфредссон, Биркир Бьярнсон, Йохан Берг Гудмундссон, Рюрик Гисласон, Гилфи Сигурдссон, Виктор Паульссон;

Шабуылшылар: Кольбейн Сигторссон, Альфред Финнбогасон, Йоун Дади Бодварссон, Видар-Орн Кьяртанссон.

Естеріңізге сала кетсек, Исландия мен Қазақстан құрамаларының арасындағы ойын 28 наурыз күні Астанада өтеді. Исландия құрамасы "А" тобында тоғыз ұпаймен екінші орында тұрса, қазақстандық футболшылар жалғыз ұпаймен соңғы орында келеді.

Сурет: footballtop.ru

Н. Айдархан