Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Португалияны жеңді (видео)

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Португалияны жеңді (видео)

Шағын футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Португалияны жеңді. Румынияда өтіп жатқан іріктеу кезеңіндегі ойында 3:1 есебі тіркелді.

Іріктеу кезеңінің 7-ші тобында өнер көрсетіп жатқан отандастарымыз бірінші ойында Румыниядан 6:4 есебімен ұтылып қалған болатын. Ал Португалия болса Грузияны 7:0 есебімен жеңген еді.

Қазақстан мен Португалия арасындағы кездесуде есеп жылдам ашылды. Қарсыластар сапынан Рикардинью белсенді. Араға 25 минут сала Қазақстан құрамасы сапынан Николай Пенгрин таразы басын теңестірді. Ал 36-шы минутта Серік Жаманқұловтан тамаша пас алған Михаил Першин жерлестерімізді алға шығарды. Соңғы минутта есепті теңестіруге ұмтылған қарсыластар бар деммен шабуылға лап қойды. Бірақ, бұл ойын жүйелерінен нәтиже шықпай, қақпаларына үшінші голды өткізді. Бұл голдық Қазақстан ұлттық құрамасы қақпашысы Игита соқты.

Топтағы шешуші ойынын Қазақстан құрамасы Грузияға қарсы өткізеді. Ойын 21 наурыз күні Астана уақытымен кешкі сағат 21:00-де басталады.  

Сурет: kapital.kz

Оқи отырыңыз

Немістерден қандай жеңіс күтеміз?

Александр Меркель Қазақстан құрамасы сапында ойнайтын болды

Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қашан түзеледі?

Ерлан Қожағапанов: Қазақстанда әрбір бала футболмен айналысуға мүмкіндік алса деп армандаймын

Ө. Сансызбай