Astana Motorsports "Формула-3" жарысына дайындалып жатыр

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент
Astana Motorsports "Формула-3" жарысына дайындалып жатыр

Қазақстандық Astana Motorsports командасы «Формула-3» жарысына дайындалып жатыр, – деп жазады khabar.kz.

БӨЛІСУ

Спортшылар мен мамандар Малайзияда сынақ жарыстарын өткізуді бастаған.

Биылғы маусымда «Формула-3» сайысына Astana Motorsports атынан Любовь Андреева қатысады. Қазақстандық команданың өкілдері Малайзиядағы «Формула-1»-дің Гран-При жарыстары өтетін халықаралық Сепанг автодромында дайындықтарын пысықтап жатыр. 

Любовь Андреева алғашқы сынақты осы кешенде көрсетті. Автоспортшы қазір Росс Джеймсонның бақылауымен жаттығуды бастап кетті. 

Танымал автошабандоздың айтуынша, Андреева сынама жарыстарында жақсы нәтиже көрсетіп, трассаны 2 минут 27 секундта бағындырыпты. «Формула-3» сайысы сәуір айының ортасында басталады.

сурет: wikimedia.org