WBA Головкинді ақпан айының үздік боксшысы деп таныды

WBA Головкинді ақпан айының үздік боксшысы деп таныды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), WBС (Interim) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді ақпан айының үздік боксшысы деп таныды.

GGG ақпан айында өз атағын қорғады. Британдық Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жекті әлем жұртшылығы тамашалап, қазақстандық боксшының өнеріне тәнті болды. Қазіргі таңда бұл кездесу 2015 жылғы спорттық таратылымдар рейтингінде де көш бастап тұр.

Осыған дейін Геннадий Головкинді Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) де ақпан айының үздік боксшысы деп таныған болатын.

Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіпқой бокста 32 кездесу өткізіп, оның 29-ын нокаутпен аяқтады. 19 жекпе-жегін қатарынан нокаутпен аяқтаған жерлесіміз, әлем таныған әйгілі Майк Тайсонның рекордын қайталаған еді.  

Cурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Головкин мен Монро ресми баспасөз жиынын өткізді (видео)

Вилли Монро: «Головкин қорғануды білмейді»

GGG чемпиондық атағын ең көп қорғаған боксшылардың үштігіне енді

Мюррей Генаға қарсылас атана алмады (видео)

Ө. Сансызбай