Головкин-Монро жекпе-жегі билеттерінің құны қанша?

Головкин-Монро жекпе-жегі билеттерінің құны қанша?

Кәсіпқой ел намысын қорғап жүрген отандасымыз Геннадий Головкин келесі кездесуін Вилли Монроға қарсы өткізеді. Бүгін жекпе-жектің билеттері сатылымға шыққаны белгілі болды.

Жекпе-жектің билетін Ticketmaster порталы арқылы және «The Forum» аренасының кассаларынан сатып алуға болады. Ең арзан деген билеттердің құны – 30 доллар болса, екі қымбаты - 300 долларды құрайды екен. Аталмыш жекпе-жекті НВО арнасы тікелей эфирде таратады. Қазақстан аумағында бұл кездесуді қай арна көрсететіні әзірге белгісіз.

«The Forum» кеңсесінен ең бірінші болып билет сатып алған 100 жанкүйерге қосымша сыйлық та бар екен. Олар 15-мамыр күні жергілікті уақытпен 13:00-де өтетін қос боксшының баспасөз жиынына қатысып, спортшылармен естелік суретке түсіп алуға мүмкіндіктері болады.

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер билеттердің арзан сатылуын - қазақстандық боксшының өнерін көптеген жанкүйерлерге тамашалауға берілген мүмкіндік ретінде айта кетті. Сонымен қатар, алдын-ала сатып алуды да ескертті. Себебі, билет қалмай қалуы мүмкін.

Айта кетейік, GGG Калифорнияда алғаш рет жұдырықтасқалы отырған жоқ. 2014 жылы Карсондағы «StubHub Center» аренасында мексикалық Марк Антонио Рубионы жеңген болатын.

Геннадий Головкин мен Вилли Монро арасындағы жекпе-жек 16 мамыр күні АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Инглвуд қаласында орналасқан «The Forum» аренасында өтеді.

Сурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Вилли Монро: «Головкин қорғануды білмейді»

GGG чемпиондық атағын ең көп қорғаған боксшылардың үштігіне енді

Мюррей Генаға қарсылас атана алмады (видео)

Мюррей мақсатын орындаған кездесуде GGG Тайсон жетістігін қайталады

Ө. Сансызбай