Фалькао бас бапкердің сенімінен айырылды

Фалькао бас бапкердің сенімінен айырылды

Англияның «Манчестер Юнайтед» клубының бапкерлер штабы шабуылшы Радамаэль Фалькаоны команданың жасөспірімдер құрамасына жіберді. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды, – деп жазады baq.kz.  

Колумбиялық футболшының команданың қосалқы құрамына ауысуына соңғы кездегі нәтижесінің төмендігі себеп болып отыр. Бас бапкер Луи ван Гал 17 ойында 4 гол ғана соққан шабуылшыға көңілі толмады. Шабуылшы МЮ-дің 21 жасқа дейінгі командасында бір ойын өткізіп үлгерді.

Айта кетейік, Фалькао ағылшын клубына «Монакодан» жалға келген болатын. Оның айлық жалақасы – 250 мың фунт. 

cурет: eurosport.com

Е. Қайрахан