Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір саты жоғарылады

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) наурыз айындағы жаңартылған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы 1 саты жоғарылап, 138-ші орынға тұрақтады.

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы бестігінде өзгерістер орын алмаған. Ал ондықтан Испания құрамасы шығып қалды. Есесіне Италия құрамасы ондыққа енді.

Ең төменгі нәтижені Ливан ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 25 саты төмендеп, 146-шы орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Барбадос құрамасы еншіледі. Олар 11 саты жоғарылап, 131-ші орынға табан тіреген. Сонымен қатар Мавритания, Солтүстік Ирландия және Польша ұлттық құрамаларының жағдайы да жоғары көрсеткішке көтеріліп отыр.

Юрий Красножан жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы өткен айда Молдова құрамасымен Түркияда жолдастық кездесу ұйымдастырған болатын. 1:1 есебі тіркелген ойын отандастарымыздың бір саты ғана алға жылжуына мүмкіндік берді. Отандастарымыз наурыз айында екі ойын өткізеді. Оның бірі – 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Исландияға (28 наурыз) қарсы өтсе, араға 3 күн сала Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Ал Қазақстан құрамасының 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеуінің топтық кезеңіндегі қарсыластар көрсеткіші төмендегідей:

5. (5) Нидерланды

16. (17) Чехия

35. (37) Исландия

56. (52Түркия

95. (100) Латвия

Алғашқы ондыққа енген ұлттық құрамалар тізімі:

1 (1). Германия — 1770

2 (2). Аргентина — 1577

3 (3). Колумбия — 1499

4 (4). Бельгия — 1471

5 (5). Нидерланды — 1415

6 (6). Бразилия — 1348

7 (7). Португалия — 1191

8 (7). Франция — 1180

9 (10). Уругвай — 1164

10 (12). Италия — 1146  

Сурет: kff.kz

Оқи отырыңыз

Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі көрсеткіші қашан түзеледі?

Ерлан Қожағапанов: Қазақстанда әрбір бала футболмен айналысуға мүмкіндік алса деп армандаймын

Қазақстан футбол федерациясына жаңа президент сайланды

Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізетін болды

Ө. Сансызбай