Бүгін ел премьер-лигасының ІІ тур ойындары өтеді

Бүгін ел премьер-лигасының ІІ тур ойындары өтеді

Бүгін футболдан ел премьер-лигасының ІІ тур ойындары өтеді. Назарларыңызға кездесулер алдындағы шолуымызды ұсынамыз.

«Ақтөбе» vs «Қайрат»

ІІ тур ойындарының орталық кездесуі «Ақтөбеде» өтеді. Жергілікті «Ақтөбе» Алматының «Қайратын» қабылдайтын болады. І турда Владимир Вайсс шәкірттері өз алаңында «Тобылды» ойсырата жеңсе, Владимир Газзаев командасы «Атыраумен» тең ойнаған болатын.

Ақтөбеге «Қайрат» клубының бас бапкері Владимир Вайсс бара алмады. Cырқаттанып қалған. Сонымен қатар, өткен ойында алңнан қуылған Зауырбек Плиев ойынға қатыспайды. Ал алаң иелері сапынан Алексей Антонов өнер көрсете алмайды. Десе де букмекерлер алаң иелерін фаворит санауда. Бұл ойында тең есеп тіркелуі бек мүмкін. «Ақтөбе» өз алаңында «Қайратқа» соңғы жылдары есе жіберіп көрген жоқ.

«Жетісу» vs «Тобыл»

Талдықорғандық «Жетісу» қостанайлық «Тобылды» Алматының орталық стадионында қабылдайды. Себебі, клубтың алаңы әлі ойын қабылдауға дайын емес. Ал Вардан Минасян шәкірттері екінші ойынын қатарынан Алматыда өткізгелі отыр. І турда «Қайраттан» ойсырай ұтылып қалған еді.

Екі ұжым да қорғанысқа баса мән беріп өнер көрсетері сөзсіз. Ойында көп гол соғылады деп бағамдау қиындау. Тіпті, есеп ашылмай тең тарқасуы да мүмкін.

«Ертіс» vs «Астана»

Павлодарлық клуб І турда Шымкентте «Ордабасымен» тең ойнады. Ал «Астана» болса өз алаңында «Оқжетпесті» екі доп басымдығымен жеңді. Екі клубтың бірінші турдағы ойын жүйесіне мән берер болсақ, алаң иелерін қонақтарға осал қарсылас деп қарауға болмайды. Оның үстіне елордалық ұжымға Георгий Жуков пен Дмитрий Шомко қатыспайды. Сондықтан да алаң иелерін «Астанаға» үш ұпай ұстатып жібереді деп қарау қиындау.

«Шахтер» vs «Ордабасы»

Екі клуб та бірінші турда тең нәтиже көрсетті. Шымкенттік клуб өз алаңында «Ертіспен» тең ойнаса, «Шахтер» «Тараздан» бір ұпай еншілеп қайтты. Екі ұжым да бір-біріне тең дәрежелі қарсыластар. Виктор Кумыков осыған дейін баптап келген клубына қарсы жаңа командасын дайындап барды. Бәлкім, «Шахтердың» осал тұсын білетін ресейлік маман «Ордабасыны» ұпайсыз алып қайтуы екіталай.

«Атырау» vs «Тараз»

Атырауда өтетін ойын туралы нақты болжам айту қиын. Екі ұжым да І турда бір-бір ұпайдан иеленді. Бірақ, өткен маусымдағы екі ойында да «Атырау» өз алаңында «Таразды» жеңген болатын. Сондықтан да алаң иелерін бүгін фаворит санауға болады.

«Оқжетпес» vs «Қайсар»

І турда қызылордалық ұжымға сәттілік жетіспеді. Әйтпесе, «Жетісуді» жеңуге мүмкіндіктері болған. Ал «Оқжетпес» болса Астанада ұпай жоғалтты. ІІ турда да көкшетаулық клубқа ұпай еншілеу оңай емес. «Қайсардың» үш ұпай еншілеуге мүмкіндігі мол.

Айта кетейік, «Ақтөбе» - «Қайрат», «Шахтер» -«Ордабасы», «Ертіс» - «Астана», «Жетісу» -«Тобыл» кездесулері Астана уақытымен 15:00-де басталса, «Атырау» -«Тараз» 16:00-де басталады. Ал «Оқжетпес» -«Қайсар» кездесуі 18:00-ге жоспарланған. Ал «КazSport» арнасы алдымен тікелей эфирде «Шахтер» -«Ордабасы» ойынын, кейіннен «Оқжетпес» - «Қайсар» кездесуін көрермендеріне ұсынатын болады. 

Сурет: kff.kz, sports.kz

Оқи отырыңыз

«Қайрат» пен «Астана» ел чемпионатын жеңіспен бастады (видео)

«Астана - Cуперкубок иегері! (видео)

Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі нәтижесі өзгермеді

Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды

Ө. Сансызбай