Серхио Рамос «Шалькеге» қарсы ойынға шығады

Серхио Рамос «Шалькеге» қарсы ойынға шығады

Мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Серхио Рамос команданың жаттығу жұмыстарына араласа бастады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

«Корольдік клубтың» танымал қорғаушысы осыдан бір ай бұрын «Севильяға» қарсы ойында жарақат алған болатын. Одан бергі аралықта командасына көмектесе алмаған футболшы жарақатынан емделді. Нәтижесінде Серхио Рамос Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «Шалькеге» қарсы «Сантьяго Бернабеуде» өтетін ойынға қатыса алады.

Айта кетейік, «Реал» гельзенкирхендік клубқа қарсы ойында жеңіске жетер болса, мюнхендің «Баварияның» рекордын жаңартатын болады. «Корольдік клуб» Чемпиондар лигасының 10 ойынында қатарынан жеңіске жетіп келеді. 

Сурет: sportfinest.com

Оқи отырыңыз

Хамес Родригестің әйелі бетіне пластикалық ота жасатты

Чемпиондар лигасы. «Реал» «Баварияның» рекордын қайталады

Роналду 600-ші ойынында алаңнан қуылды (видео)

Испан басылымдары Роналдуға «қалыңдық» іздей бастады

B. ZHAQSYMBET