Бекхэмнің ұлы "Манчестер Юнайтед" командасымен келісімге отырды

Бекхэмнің ұлы "Манчестер Юнайтед" командасымен келісімге отырды

Дэвид Бекхэмнің ұлы Бруклин Бекхэм ағылшынның «Манчестер Юнайтед» футбол командасымен келісімге отырды. Ағылшындардың көптеген клубы 15 жастағы ойыншыға қызығушылық танытқанымен, Бруклин әкесінің таңдаған жолын жалғастырмақшы көрінеді. Келесі маусымнан бастап Бруклин канонирліктердің толықтай ойыншысы атанбақ.

17 жасында «Манчестер» сапында ойнап, жасындай жарқылдаған Дэвидтің ұлы үлкен футболға әкесінен де ертерек келмекші. Есімін күллі әлем танитын ойыншының ұлы енді әкесінен асып түсу үшін жасыл алаңда аянбай еңбек ететін болады.

Сурет:sports.fr

Оқи отырыңыз:

«Аякс» академиясы қазақ балаларына футбол әліппесін үйретеді

Дэвид Бекхэм қайырымдылық қорын құрды

Бекхэм ұлымен бірге жол апатына ұшырады



 

B. ZHAQSYMBET